Жауапкершілігі мол, күрделі кәсіптердің бірі орманшы мамандығын таңдаған Көкжал орманшылығының бас орманшысы Иван Какашұлы 40 жылдан астам уақыт табиғи резерватта қызмет етіп, құрметті еңбең демалысына шықты. 
Сағадиев Иван Какашұлы 1960 жылы 31 наурызда Алтай өлкесі Михайлов ауданы Николаевка ауылында дүниеге келген.
Бурабай ауыл шаруашылығы техникумын «Орман шаруашылығы технигі» мамандығы бойынша бітірген.
Орман шаруашылығындағы еңбек жолын 1979 жыл бастап Көкжал орманшылығында орман шеберінен бастаған Иван Какашұлы, 1982 жылы Көкжал орманшылығының көмекшісі, 1986 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бесқарағай филиалының Көкжал орманшылығының орманшысы болып жұмыс істейді.
Өз жұмыстарын абыроймен атқара жүріп, тәжірибелі маман ретінде білгендерімен кейінгі толқын жастармен бөлісіп, әркез үйретуден жалықпады.
Мұқият және сабырлы, ұстамды адам, сауатты басшы. 
Әріптестер мен қызметкерлер арасында сөзсіз беделге ие. 
Жақсы тәлімгер және сауатты ағаш өсіруші. 
Иван Какашұлы өмір жолында білім мен біліктілікті қос қанат етіп байлаған  ол адами биік болмысымен де, терең парасаттылығымен де кезкелген орманшыға үлгі.
  Оның басшылығымен орманшылық жыл қорытындысы бойынша бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Соңғы екі жыл қатарынан орманшылық филиал бойынша ең үздік орманшылық атанды.
Апат орын алып, орманшылық кеңсесі мен өрт сөндіру станциясы ғимараттары өртеніп кеткенде, Иван Какашұлының ұйымдастыруымен жаңа ғимарат бой көтеріп, ал қазір дәл сол ғимарат Бесқарағай филиалындағы ең әдемі орманшылықтардың бірі болып табылады.
2013 жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құрмет грамотасымен және 2017 жылы орман шаруашылығындағы көп жылғы адал еңбегі үшін медальмен марапатталды. 
Иван Какашұлына мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасына амандық тілейміз!