Отырыста алдағы кезеңнің негізгі бағыттары қаралып, басым міндеттер талқыланды, сондай-ақ жобалық құжатты әзірлеу мерзімдері мен тәртібі айқындалды. Ерекше назар табиғат қорғау іс-шараларын жетілдіру, ұйымдық қызметті оңтайландыру және басқару тиімділігін арттыру мәселелеріне аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша жауапты мамандарға 2026–2030 жылдарға арналған Басқару жоспарының жобасына ұсыныстар мен толықтырулар енгізу үшін тиісті тапсырмалар берілді.




