Мұражай - әр елдің тарихын, салт - дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық.
«Жас орманшы» мектеп орманшылығының мүшелері Парктер шеруі табиғатты қорғау акциясы аясында Шарбақты, Галкин, Александровка ауылдарындағы өлкетану мұражайларына саяхатқа барды.
Мақсаты: оқушыларды мұражаймен таныстыру, оқушының танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту.