Табиғи резерват бас директорының м.а. Қазбек Әметов ағымдағы жылдың 23 мамырында Бесқарағай филиалының жұмысына бақылау жасау мақсатында филиалдың бірқатар нысандарын аралады.

Атап айтқанда орман өрт сөндіру станциясында, автокөлік паркінде, диспетчерлік қызмет бөлімінде және филиал тұқымбағына барды.
Өрт сөндіру станциясының қызметкерлерімен тілдесіп, ұсыныстарын жазып алынды, кейбіреуіне сол жерде түсіндірмелер берілді.
Техника мен жабдықтардың жай күйін тексеріп, филиал директорына өрт қауіпті кезеңі мен орман қалпына келтіру жұмыстары кезінде техниканың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жоғарыда атап өтілген жұмыстардың барлығы бас директордың қатаң бақылауында.