Халықаралық биологиялық әртүрлілік күні аясында «Ертіс орманы» МТОТР РММ туризм және экологиялық ағарту бөлімі, ғылым ақпарат және мониторинг бөлімімен бірлесіп жас мұгалімдер кәсіподағы өкілдеріне арналған танымдық көрме ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар резерваттың бай флорасы мен фаунасымен, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен танысып, табиғи мұраны сақтау және халыққа экологиялық ағарту жұмыстарымен танысты.
🌱 Көрменің мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және биологиялық әртүрлілікті сақтау идеяларын дәріптеу.
#ЕртісОрманы #БиологиялықӘртүрлілік #ХалықаралықКүн #Экология #МаршПарктер2026 #Табиғат #ЭкологиялықАғарту



