22 жыл бойы біздің резерват еліміздің асыл қазынасы – ормандарды қорғау мен көбейту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Табиғаттың тынысы саналатын ормандарымызды сақтау – ұрпақ алдындағы басты міндетіміз.
🔹 Осы жылдар ішінде мыңдаған гектар жасыл желек қорғалып, экологиялық бастамалар жүзеге асырылды. Бұл жетістіктер – әріптестеріміз бен еңбек ардагерлерінің тынымсыз еңбегінің жемісі.
Құрметті орман сақшылары мен ардагерлер, сіздердің еңбектеріңізді ерекше құрметтейміз! Әр ағаштың көлеңкесінде, әрбір жасыл желекте сіздердің қолтаңбаларыңыз жатыр.
Біз табиғатқа жанашырлықпен қарап, болашақ ұрпаққа жасыл әлемді аманат ету жолында біргеміз! 💚