Жыл сайын 20 наурызда күн мен түннің теңелуіне сәйкес Халықаралық Жер күні атап өтіледі. Бұл күн табиғатты қорғаудың, Жер ресурстарына ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салу үшін арналған.
Жер күні – бұл экология мәселелері туралы ойлануға, сондай-ақ табиғатты сақтауға үлес қосуға тамаша мүмкіндік. Әр адам өз күнделікті іс-әрекеттерімен табиғатты қорғауға ықпал ете алады. Мысалы, қоқысты сұрыптау, суды үнемдеу, энергияны тиімді пайдалану және табиғатты қорғауға бағытталған жобаларға қатысу – бұның бәрі біздің планетамыз үшін маңызды қадамдар.
Біздің резерватқа келіп, табиғаттың қайталанбас сұлулығын тамашалап, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемімен танысуға шақырамыз. Сондай-ақ, сіз жердің табиғи байлықтарын сақтау жолдары туралы көбірек біле аласыз.
Бірге әрекет етіп, Жерімізді келер ұрпаққа сақтап қалайық!