Біз туралы

1935 - Павлодар орман шаруашылығы және Бесқарағай орман шаруашылығы құрылды 1947-орман шаруашылығы министрлігінің 30.01.1947 жылғы бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық орман шаруашылығы басқармасы құрылды
1947 - Лебяжі ауданының Бесқарағай орман шаруашылығы және Шарбақты ауданының Чалдай орман шаруашылығы ұйымдастырылды
1988 - Павлодар облыстық орман шаруашылығы басқармасы Павлодар орман шаруашылығы өндірістік бірлестігі (ОШӨБ), орман шаруашылығы - орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорындары (ОШӨК) болып қайта құрылды.
1996 - Павлодар ОШӨК Павлодар орман және аңшылық шаруашылығы бірлестігі болып қайта құрылды, ол 1999 жылы жойылды
2000 - Орман шаруашылықтары ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер болып қайта аталды
2003 - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 75 қаулысымен құрылған.

Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар Министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің комитеті

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жері
Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленин көшесі, 60.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекараларының сипаттамасы
Құлынды жазығының Оңтүстік-батыс бөлігі.МОТР аумағының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы 133 шақырым, батыстан шығысқа қарай 130 шақырым.
"Ертіс орманы" резерватының ауданы 277 961 га, оның ішінде:

  • Шарбақты ауданының аумағында-117 816 га;
  • Аққулы ауданының аумағында-160 145 га.