Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ертіс орманы» МОТР РММ қызметкерлері бекітілген және іргелес аумақтарда сенбілік өткізді.
Сенбілік барысында:
🧹 аумақ қоқыстан тазартылды;
🌱 шөп шабылды;
🌳 ағаштар әктелді;
⬜ жиектастар әктелді.
Осындай іс-шаралар аумақтың тазалығы мен тәртібін сақтауға, абаттандыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Тазалық пен тәртіп — баршамызға ортақ жауапкершілік! 🌿
#ТазаҚазақстан #ЕртісОрманы #Сенбілік #ТазаТабиғат #Абаттандыру










