«Ертіс орманы» МОТР РММ ұжымы Абай облысындағы қайғылы орман өрті кезінде болған шынайы оқиғаларға негізделген «38. Соңғы нүкте» фильмін көруге барды.

🌲 Орман саласының қызметкерлері үшін бұл оқиғаның маңызы ерекше. Фильм орманды қорғауға өмірін арнаған жандардың ерлігі, жауапкершілігі мен еңбегінің қаншалықты қауіпті екенін тағы бір мәрте еске салады.

🕯 Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің рухына тағзым. Олардың ерлігі мен еңбегі ұмытылмайды.

 

 

image-11-09-26-02-49.jpg