Сапар барысында елорданың сертификатталған гид-экскурсоводтарынан құралған кәсіби қауымдастық өңірдің табиғи және мәдени-тарихи әлеуетімен, оның туристік тартымдылығымен және Қазақстандағы туризмді одан әрі дамыту мүмкіндіктерімен танысты.
Келгеннен кейін қонақтар ең алдымен өмірін халыққа қызмет етуге арнаған, аты аңызға айналған жерлесіміз Ғабдұл Уахит Хазіреттің кесенесіне барды.
Инфотур қатысушылары үшін туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары орманды өлкенің аумағында танымдық экскурсия ұйымдастырды. Қонақтарға өңірдің бірегей табиғаты, тарихы, аңыздары мен халық арасындағы әңгімелері туралы баяндалды. Сондай-ақ қонақ үйге экскурсия жасалды.
Астанадан келген гидтер «Ертіс орманының» табиғатына, көркем күзгі пейзаждарына және саф ауасына ерекше әсер алды. Бұл ғажайып өлкенің табиғатымен танысу елордалық экскурсоводтарға өңірдің туристік әлеуетін жаңаша таныстыруға және алдағы уақытта оны елорда тұрғындары мен қонақтары арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Мұндай инфотурлар ішкі туризмді дамытуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның табиғи әрі мәдени мұрасын насихаттауға жасалған маңызды қадам болып табылады.






